25 қазан - біздің еліміз үшін мемлекеттің даму тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясы қабылданған болатын.
Үстіміздегі жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бұл күн күнтізбеге ерекше тарихи маңызы бар және қазақстандық мемлекеттіліктің дамуына елеулі ықпал еткен оқиғаларға тағзым ету ретінде ұлттық мереке болып қайта енгізілді. Соның арқасында бүгін Қазақстан көп жылдан бері алғаш рет ұлттық мереке - Республика күнін атап өтіп жатыр.